Жастар ісінің өкілі Тараз жұртымен тікелей эфирда жүздесті

Жастар ісінің өкілі Тараз жұртымен тікелей эфирда жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Оның орнын ешкім баса алмайды. Осы ардақты тұлға әке тақырыбын таңғы «Қайырлы таң, «Әулиеата» бағдарламасына арқау еткен Қазақстан Тараз телеарнасы кезекті санына дін маманын шақырды.

Тікелей эфирге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бойынша «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев шықты. Жастар ісінің өкілі әрбір адам үшін ұлы тұлға болған әкенің қоғамдағы рөлі, баланың әке алдындағы міндеттері, балаға уақыт бөлу, тәлім-тәрбиені дұрыс беру жайлы халыққа діни тұрғыдан мағұлмат берді.

Жергілікті арнадан күнмен бірге күлімдеп оятатын бағдарлама жүргізушілері Нұрдос Сембек пен Айгерім Жасұзақ имамға түрлі саулдарын қойып, дәйекті мәліметтермен бөлісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: