Ауыл жамағаты уағызшыларды қарсы алды

Ауыл жамағаты уағызшыларды қарсы алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауылдық жерлердегі жамағатпен жүздесу, жамағаттың діни сауатын ашу бүгінгі күнгі өзекті тақырып екені баршамызға мәлім. Жамағатымызға Ханафи мәзһабы мен Матуриді ақидасының құндылықтарын жете түсіндіріп, оларды жат ағымдардың  ықпалын сақтау да маңызды мәселе.

Міне, осы жайттарды ескере отырып, аудандық «Қордай» мешітінің дін қызметкерлері ауыл аймақтарды аралап, елді-мекен жамағаттарымен кездесулер өткізуде. Осындай кездесудің бірі «Қақпатас» ауылдық мешітінде болды. Жиынға наиб имам Д.Жандосұлы қатысып қайтты.

 Имани кездесуден құлақтар болған Қасық, Бетқайнар, Сарыбұлақ ауылдарының жамағаты да Қақпатас ауылында қонақ болды. Д.Жандосұлы жиналған жамағатқа иман мен амал және Аллаға деген шынайы махаббат жайлы уағыз айтты. Уағыз барысында  мешіт жамағаты наиб имамға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Қазақи қонақжайлылық дәстүр бойынша дастархан жайылып, дін насихаты дастархан басында да жалғасты. Дін қызметкерлерінің ұйымдастырып отырған осындай іс-шаралары ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, келесі  кездесу орны да белгіленді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: