Алғыс айту күні – игі дәстүр

Алғыс айту күні – игі дәстүр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының мұсылмандар бөлмесінде «1 наурыз - Алғыс айту күніне - игі дәстүрге» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Аталған шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев пен мекеме тұрғындары қатысты.

«Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Аллаға шүкіршілік етуі, әрбір адамның шүкіршілігі болса алғыс та болады. Алла тағалам мені еске алыңдар, маған шүкіршілік етіңдер деген,» - дейді Ержан Мақанұлы өз уағызында.

Наиб имам насихатын жеткізумен қатар көпшілікке: «Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар» - деп, алғысын айтып тілек білдірді. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар да, өздерінің алғыстарын жеткізді.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: