Шу қаласындағы №1 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге кітапхана меңгерушісі Назира Домбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларынның зерттеу орталығы» КММ Шу аудандық инспекторы Мырзабек Смайылов, Шу қалалық мешітінің бас имамы Қуат Үрпеков, Шу аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ дін істер және ақпараттық талдау бөлімінің кеңесшісі Медет Атайбеков, «Алмас» гуманитарлық-техникалық колледж кітапханашысы Таңсұлу Есбергенова және мектеп оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында бірінші болып сөз алған Шу қалалық мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы қатысушыларға діннің қоғамда алар орнын түсіндіріп, оқушыларға жас кезден діни біліммен сусындап, дәстүрлі Ислам дініміздің құндылықтарын үйренуге шақырды. Сонымен қатар ата-ананы сыйлау, үлкендерге құрмет көрсету деген сияқты өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жастарды қазіргі таңда жаңбырдан кейінгі шыққан саңырау құлақтай қаптап кеткен діни ағымдардың ара-жігін түсіндіріп, жат ағымдардан аулақ болуға шақырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам дініміздің құндылықтарын үйреніп содан ажырамауға шақырды. Өз кезегінде Мырзабек Смайылов және Медет Атайбеков түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.