«Һибатулла Тарази» мешіті мүмкіндігі шектеулі отбасыларға арналған «Мүгедек жандарға қамқор болайық» науқанын өткізді. Аталған іс-шарада 10 шаңыраққа азық-түлік үлестірілді. Олар тағдырдың тәлкегімен үлкен сынаққа түсіп, мойымай күресіп келеді. Тәні сырқат болғанымен рухы асқақ жандар мешіт көрсеткен көмек үшін шын разы.
Отбасыларға азық-түлікті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері табыстады. Сонымен қатар «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Халит Қожахметов пен ҚМДБ жастарының қоры үй-үйді аралап, шараға келе алмаған жанұяларға сыйлықтарын жеткізді. Олармен тілдесіп, хал-ахуалымен танысып қайтты.
Алланың қалауымен тосыннан келген басты қажетті азық пен тәттілер толы қапшық шүкіршіл жандардың шүкірін арттырды.
Айте кетейік, осындай сарындағы қайырымдылық науқандары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.