Жуалы ауданы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің Бас имамының басшылығымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Ауданға қарасты ауыл мешіттерінің молдары тұрғылықты мекендегі жүріп-тұруы шектеулі жандардың отбасыларына зиярат етіп, хал ахуалдарын сұрап, имандасып қайтты.
Сонымен қатар, мешіт ұжымы атынан ет пен азық-түліктерді көмек ретінде табыстады. Жанұялардың тұрмыс жағдайларымен танысып, алғысын алды.
Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешіті.