"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар, əйелдер секторының ұйымдастыруымен аталған тақырыпта рухани кеш өтті.
Рухани кешке арналған ақ дастархан жайылып, Қыздар, əйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешіті қыздар сауат ашу курсының ұстазы Зейнеп Үсенова мен осы курстың ұстазы Гүлжан Алдасаева бастаған шəкірттер тобы өнер көрсетті.
Кеш барысы қасиетті Құранның теңдесіз аяттарымен басталып, хадистермен, қазақы нақыл сөздерді баяндаумен жалғасын тапты. Көрермендер арасында мақал-мəтел сайысы жүргізіліп, ұлттық дəстүрлеріміз ұлықталды.
Қыз баласының тəрбиесі, əдебі, жүріс-тұрысы өсиет болған қойылымдар қойылды.
Əжелер мектебі бойжеткен қыздарымызға үлгілі сөз, ғибратын айтып, ақ батасып берді.
Кеш соңындағы қорытынды уағызда: "Бүгінгі іс-шара тек қыз баласының тəрбиесіне қатысты. Алдағы уақытта əйел, отбасы тақырыптарын да қамтимыз, дегенмен қыз тақырыбынан бастауымызда үлкен мəн жатыр. Қыз бала тəрбиесі ертеңгі болашақтың тəрбиесі.
Қазіргі таңда болып жатқан шулы оқиғалар: ерте қатынасқа түсу, бала алдыру, некесіздік, педафильдердің балаларды зорлауы барлығы қыздардың шешiнуінен. Алла тағала дінді түсірмес бұрын араб қоғамындағы əйел мəртебесінің болмауы да қыздардың шешінуінен еді. Міне, осы жайт бізге сабақ болуы керек. Сол себепті де жалпы əйел затына Алла тағала арын қорғауы үшін ұятын жабуды əмір етті. Қыздың тəрбиесі - ұлттың тəрбиесі," - дейді Қыздар, əйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова өз шəкірттеріне. Сонымен қатар, ата-аналардың "қыздың балиғатқа толғанын қалай білуге болады?" сынды сауалдарына дəйекті жауаптар берілді.
Ғибратқа толы рухани кеш əрбір көрерменнің тəрбиесіне əсер етпей қоймады. Үлкен рухани азық алған əйелдер жамағаты келесі кешті асыға күтетіндерін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.