Қарттарым аман-сау жүрші!

Қарттарым аман-сау жүрші!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Қыздар, әйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі Зейнеп Үсенова, «Һибатулла Тарази мешіті қыздар сауат ашу курсының ұстазы Гүлжан Алдасаева мен осы мешіттің есепшісі Ұлбосын Оразбаева ардақты ақ жаулықты әженің хал-жағдайын сұрап, қонаққа барып қайтты.

Сексеннен асқан аруананың тұрмысымен, күнделікті өмірімен танысып, әйелдер қауымы ақ әженің ақ батасын алды.

Апаның ғибратқа толы әңгімесіне құлақ түріп, ұзақ сырласқан әйелдер бір пәсте туыстай болып кетті. Әже жиі келіп тұратын балаларына разылығын айтып, шын қуанышын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: