Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар заңмен реттеледі

Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар заңмен реттеледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Соңғы уақытта жұртшылықты қоғамдағы діннің атқаратын рөлі, мемлекетіміздің зайырлылық құрылымы, діни қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған заңнаманың елімізге деструктивті діни ағымдардың таралуына қаншалықты тосқауыл бола алатындығы секілді өзекті мәселелер толғандырып жүр. Осыған байланысты «Қазақстан Тараз» арнасы «Сіз не дейсіз?» бағдарламасына дін мамандарын арнайы шақырды.

Аталған бағдарламаға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр қажы Жұмабаев, осы мешіттің найб имамы Ғалымбек Жапек пен медресе шәкірттері қатысып қайтты.

«Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар заңмен реттеледі» тақырыбында өткен бағдарламада еліміздегі діни қызмет және діни бірлестіктер, діни іс-шаралар және құзіретті орғандар мен заң жайы сөз болды. Қалың жұртты қызықтырған тақырыптар көтеріліп, мамандардың өзі халықты мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Дін мен діни бірлестіктерді ретке келтірудегі заңның орны, еліміздегі діни ахуал жайлы толығырақ бағдарламадан біле аласыздар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: