М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеті жанындағы «Бал-Дариға» ҚК мен «Жібек жолы жастары ТарМУ» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен «Суицид – тығырықтан шығар жол емес» атты кездесу өтті.
Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бойынша өкілі Ержан Аманбаев, ТарМУ студенттері, Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Адина Айнаева, призудиум мүшелері, Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі ювиналды полициясының бастығы, полковник Қуанышбек Қалжанов, Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Психология ғылымдарының магистрі Айзат Минасипова қатысты.
Жиында қазіргі қоғамдағы шулы мәселелер, өзіне-өзі қол жұмсау, әлеуметтік өмір сынды тақырыптар сөз болды. Шара қонақтары өз саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баяндама жасады. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар ала алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.