Қасиетті жұма күні Тараз жамағаты Ғазиз Ахметовты шығарып салды. "Кеңесхан қажы" мешітінің алғашқы бас имамы болып сайланған дін маманы бүгінде қызметі бойынша Астана қаласына ауыстырылды.
Жұма намазының алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Ғазиз Ахметовтің жасаған еңбегіне тоқталып өтіп, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар шапан жабылып, жамағат ұстаздарымен қимастықпен қоштасты.
Ал аталған қалалық мешітке өкіл имам Астана қаласы орталық “Нұр Астана” мешітінің наиб имамы, Атырау қаласы "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Қанат Әділханұлы Жұмағұловты жаңа бас имам етіп тағайындады.
Данияр қажы Жұмабаев облысымызға келген білікті маманды жамағатқа таныстырып, имамның қызметіне сәттілік, жеміс тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.