Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде осы ауданның бас имамы Рамиз Азизовтің ұйымдастыруымен кезекті имани жүздесу өтті.
Аталған кездесуге «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев арнайы шақыртумен барып қайтты.
Құптан намазының алдында жүргізілген кездесуде «Алла мекенге тәуелді емес» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
«Мұсылманның сенімі қандай болу керек?», «Сенімде не дұрыс, не бұрыс?» сынды қоғамды мазалаған түйіткілдің түйінін тарқатқан имамға жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.