Елбасы жолдауы талқыланды

Елбасы жолдауы талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде Елбасының Қазақстан халқына 2017 жылғы Жолдауына байланысты жиын өтті.

Аталған отырыста имамдар Жолдаудағы «Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді» тармағына ерекше тоқталып өтті.

Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу, бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу мәселелерін іске асыру жолдары талқыланды. Дін мамандары өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, өздерінің 2017 жылғы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: