«Һибатулла Тарази» мешіті ҚМДБ жастары мен Қыздар, әйелдер секторының ұйымдастыруымен «Күлімде, балақай!» қайырымдылық науқаны өтті.
Іс-шара барысында Шөлдала мекенінде орналасқан №55 орта мектептің оқушыларына кеңсе тауарлары үлестірілді.
Балдырғандарға аталған құрал-саймандарды «Һибатулла Тарази» мешітінің есепшісі Ұлбосын Оразбаева мен қыздар сауат ашу курсының ұстазы Гүлжан Алдасаева табыстады.
Әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты, көпбалалы 30 отбасыға арналған көмек бүкіл ауылды шаттандырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.