Мәдениет қызметкерлерімен семинар жүргізілді

Мәдениет қызметкерлерімен семинар жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде аудан бойынша мәдениет саласының қызметкерлерімен және ауылдық клуб меңгерушілерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарға аудандық мешіттің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы қатысты. Семинар барысында дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланды. Аталмыш шарада мәдениет саласының өкілдеріне  ислам діні – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екені аталып өтіліп, Ислам дінінің ерекшеліктері мен негіздері, тарихы мен мәдениеті жайында толыққанды баяндалып, өзекті мәселелердің түйіні жан-жақты тарқатылды.

Шара азаматтар арасында отансүйгіштікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, елімізде тұратын халықтардың озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ескере отырып, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау мақсатында өтіп отыр.

Жиын барысында Ислам дінінен кереғар жат пиғылды діни ағымдардың ел санасын улайтын зиянды насихаттары мен әрекеттері кеңінен сөз болды. Жиын кезінде дін қызметкері қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға шариғат аясында толыққанды жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: