Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизовтің ұйымдастыруымен ауыл имам-молдалардың жиналысы өтті.
Жиында ҚМДБ-дан келген тапсырмалар талқыланып, қызметкерлерге жүктелді.
Имам неке қию мәселесі, имам молдалардың бес уақыт намазда болуы жаназа мен некені бұйрығы бар имам молдалардың атқаруы, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және жұма күндері Мүфтият бекіткен тақырып бойынша уағыз жүргізу керектігін тілге тиек етті.
Әр айдың соңында атқарылған іс-шаралардың есебін аудандық мешітке өткізуін тапсырды.
Байзақ ауданы