Жамбыл облысы Тараз қаласына қарасты №11 аймақтық елді мекендегі Массив пен Құмшағал, Көлтоган, Казарма, Қызылабад, Шөлдала сынды 19 ауылдың тұрғындарына көмек көрсетілді.
120 жағдайы өте төмен, көп балалы, жесір отбасыларға және түбіркүлез бен рак ауруына шалдыққан жанұяға жеке 15000 теңгелік азық-түлікке сертификат тапсырылды. Сонымен бірге, науқас азаматтарды сабырлыққа шақырып, дұға жасалды.
Аталған іс-шараға Тараз қалалық "Құлбай-баба" мешітінің имамы Талғат Асанұлы мен "Береке" қоғамдық қоры бірлесе отырып ат салысты. Қайырымдылыққа жалпы 1800000 теңге жұмсалды.
"Құлбай-баба" мешіті