Асыл дінімізде садақа, қайырымдылық жасау – жаманшылықты алыстатып, қиыншылықты қашырады. Шариғатты біліп мұсылманшылықты ұстанған қазақ атамыз да «құдай деген адам құр қалмайды» деген аталы сөз бар.
Меркі ауданына қарасты Кеңес елді-мекенінде көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті. «Ар-Роззақ» мешітінде дінге қызмет атқарып жүрген Жұбаныш Меден бұл жолы да үлкен көмек көрсетті.
Жамағаттың басын біріктіріп, іс-шара аясында 8 тонна көмірді 14 отбасына көмек ретінде таратты.
Жұртшылық көрсетілген қайырымдылыққа алғысын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті