Аудан бойынша қызметтегі имам-молдалардың кезекті басқосуы өтті. Жиналыста төрағалық еткен ауданның бас имамы Д.Қасымалиев ҚМДБ тарапынан неке қию рәсіміне байланысты келген тапсырмаларды жете түсіндіріп, неке қию шарттарымен ауыл имам-молдаларын таныстырды.
Көтерілген өзекті мәселенің бірі – мешіттердің мемлекеттік кіріс басқармасы алдында салықтық қарыздарын болмауын қадағалау, түрлі есептерді уақытылы және тиянақты тапсыру болды.
Имамдардың шапандарының ҚМДБ талаптарына сай болуы, діни ғибадаттарды тек бұйрығы бар мамандардың өткізуі тапсырылды. Аталмыш тапсырмалар имамдарға жүктеліп, орындауға кірісіп кетті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі