Полиция қызметі мен молдалар бірлесе жұмыс істейді.

Полиция қызметі мен молдалар бірлесе жұмыс істейді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданның ішкі істер полиция басқармасының басшысы Ахатхан Абезов ауданға қарасты имам-молдалардың басын қосып, жиын барысында Ислам дінінде орын алған келеңсіз жағдайларды ортаға салып, мұндай оқиғаларды болдырмау үшін қандай шараларды қолға алу керектігі жөнін талқылады.

Ішкі істер органында көп жылдар бойы басшылық қызметте болып, ауданға жаңадан тағайындалған ішкі істер бөлімінің басшысы Ахатхан Абезов қазіргі таңдағы дін мәселесі төңірегінде болып жатқан мәселелер жайында толық хабардар екенін мәлімдеді.

"Сіздермен кездесудегі мақсат - дін мәселесі төңірегінде туындаған түсінбеушіліктерді, шиеленіскен мәселелерді жұмыс барысында бірге шешсек деген ниет және сіздердің ой-пікірлеріңізді білу. Аудан әкімшілігімен бірлесе көтеріліп жатқан іс-шара - өңірдегі барлық мешіттерге бақылау камерасын орнату. Келесі бір жаңалық - ішкі істер бөліміне бір қызметкер тағайындалады, ол тікелей дін мәселесінде мешіт қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқарады," - дейді Ахатхан Абезов.

Кейін полиция басшысы имам-молдаларға жауапкершілігі мол қызметтеріне табыс тіледі. Жиын одан әрі жалғасып, бас имам Батырбек қажы ауыл имам-молдаларының және мешіт жағдайымен танысып, ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды талқылап, жаңа тапсырмалар берді.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: