"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаевтың ұйымдастыруымен имамдардың жат ағымға қарсы кезекті жиналысы өтті.
Жиналыс барысында жоспарға бірқатар толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар күнтәртібіндегі іс-шараны атқару үшін тапсырмалар жүктелді.
Атап айтқанда, жамағат жолдаған сұрақтарға жауап беріп, бейнежазба жасап тарату, Әбу Ханифа мазхабы бойынша жасалған намаз оқу үлгісінің бүктемесін барлық қалалық мешіттерге тарату және бекітілген мешіттерге «Ақида» ілімінен сабақтар жүргізу мәселелері талқыланды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.