Б.Момышұлы ауылында аудан әкімі Бақтияр Көпбосыновтың төрағалық етуімен аудан әкімі, орынбасарлары, мәслихат хатшысы,ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік орган басшылары, аудандық прокуратура өкілі, ҰҚК аудандық бөлімшесі өкілі, аудандық ІІБ басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы, ауылдық округ әкімдері, ауыл молдалары мен имам, ҮЕҰ басшылары, этномәдени орталық төрағалары, «Жаңа өмір» газетінің редакторының қатысуымен діни бірлестіктермен байланыстар кеңесі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аудандық филиалының 2016 жылы атқарған жұмыстары және ауданда орналасқан мешіттердің жәй-күйі туралы, аудандық орталық «Толымбектегі Зиябек» мешітінің бас имамы Е.П.Нарымбетов баяндама жасады.
Аудан әкімі Б.Б.Көпбосынов ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін істері және ақпараттық талдау бөлімімен бірлесіп, ауыл округтерінде құрылған діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу бойынша түсіндіру топтары жұмысын жандандыра отырып, жастар мен ауыл тұрғындары көпшілік шоғырланған орындарда экстремистік террористік діни ұйымдар мен әдебиеттер тізімі және Республикадағы танымал діни сайттар тізімінің ілінуін, алдағы өтетін діни семинарларға арнайы теологтарды шақырылуын, мешіттердің қысқы жылыту маусымы және елді мекендердегі зираттар шекарасын ретке келтіру жұмыстарын округ басшыларына бұйрық етті.
Жуалы ауданы