Шу өңіріндегі Мүбәрак Мәуліт кеші

Шу өңіріндегі Мүбәрак Мәуліт кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұйымдастыруымен орталық мәдениет үйінде сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) құрметіне арналған мүбарак Мәуліт кеші өткізілді.

Мәуліт кешіне Алланың қалауымен елімізге танымал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшелері Ризабек Батталұлы, Жасұлан Жүсіпбек, «Нұр Мүбәрак» университетінің докторанты Оралхан Рахматбекұлы, «Нұр Мүбәрак» университеті мешітінің имамы Құрмет Смағулов, Алматы қаласы Орталық мешітінің азаншысы Қасым Әшімов, Тараз қаласы «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы, Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Баймахан және «Өнер қырандары» театры қатысты.

Мәуліт кеші қасиетті Құранның сүрелерін оқылуымен ашылды. Мәуліт мерекесіне орай, жиналған мұсылман жамағатты Аудан әкімінің орынбасары Е.Айманбетов және Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы құттықтап сөз сөйледі.

Кешті қонағымыз Алматы қаласы орталық мешітінің азаншысы Қасым Әшімов мырза жүргізді. Келген қонақтардың бірі - ұстаз Ризабек Батталұлы жамағатқа сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.у.) сүю туралы әсерлі уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, елімізге танымал «Өнер қырандары» театрының жігіттері өз өнерлерін көрсетіп, діни тұрғыда «Аллаға шүкіршілік» және «Адал ризық» атты көріністер қойып, халықты өздеріне баулай білді.

Жиналған жұртшылық Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы біраз мағлұмат алып, ерекше ықыласқа бөленді.

Кеш соңында Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, артынан келген қонақтарымызға және жиналған жұртшылыққа өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар жиналған жұртшылыққа «Ай ару» мейрамханасында Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) арналған ас таратылды. Дәм татқан жамағат келген қадірлі қонағымыздың бірі Оралхан Рахматбекұлының әсерлі уағызын тыңдады. Ас соңында еліміздегі танымалы жас қари Дулат Қолакұл Құран оқыды, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы батасын беріп дұға жасады.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: