Шу өлкесінде молдалар мәжілісі жасалды

Шу өлкесінде молдалар мәжілісі жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінде ауданға қарасты ауыл молдаларымен бір күндік семинар өткізілді. Оған «Нұр Мүбарак» университетінің докторанты Оралхан Рахматбекұлы, «Нұр Мүбарак» университеті мешітінің бас имамы Құрмет Смағулов және Облыстық «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы қатысты.

Семинардың мақсаты - ауыл молдаларының өзекті мәселелерін ортада талқылап, атқарып жатқан жұмыстарына қатысты қосымша дәріс беру, молдалық қызметті жоғары деңгейде атқаруды жетілдіру, ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша қаншалықты жұмыс атқарылып жатқаны жайында шолу жасау.

Сондай-ақ, семинарда ҚМДБ-ның бекіткен төрт құжатының бірі «Имамның тұлғалық келбеті» кітабынан дәріс жүргізілді.

Жиналыс соңында ауыл молдалары келген ұстаздардан көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: