Жуалы ауданында орналасқан Д.Қонаев, А.Герцен, Оржаникидзе, Мыңбұлақ, Гайдар, №15 орта білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен бас қосу ұйымдастырылып, лаңкестік пен экстримистік топтардың қоғамға алып келер қауіп-қатері мен зияндығы және олардан сақтану жолдары, алдын алу мәселесі талқыланды.
Жастарға еліміздің байырғыдан келе жатқан дәстүрлі ислам дінін және Абу Ханифа мазхабын ұстанып келе жатқандығы турасында ақпарат берілді.
Сонымен қатар жиында аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Еркебұлан Нарымбетов ішкі саясат бөлімінің жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Ж.Мырзалиев, Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Жуалы ауданы бойынша инспекторы Р.Абдалиеев баяндама жасады.
Жуалы ауданы