Қордай ауданының бас имамы Д.Қасымалиев аудан бойынша елді мекендерге іс-сапармен барды.
Дастан Жақсымбетұлы ең әуелі Масаншы ауылына ат басын тіреді. Масаншы ауылында 19 000 жуық адам тұрады, 7 мешіт ҚМДБ филиалы ретінде тіркелген, сонымен қатар осы ауылда «Абдулла ибн Масғуд» қарилар орталығы орналасқан.
Бас имам қарилар орталығының ғимаратымен танысып, ҚМДБ тарапынан тағайындалған ұстаздармен сұхбаттасты. Елді мекендегі барлық мешіттерді аралап, жамағатпен жүздесіп, қыс мезгіліндегі жылыту маусымының қалай өтіп жатқандығын анықтады.
Бірнеше имамдарға жұмыс бағытын түсіндіріп, тың нұсқаулар берілді. Бас имам Д.Қасымалиев іс-сапарын Қаракемер, Еңбек және Қарасай батыр ауылдарында жалғастырды.
Аудандық «Қордай мешітінің баспасөз қызметі