Көпбалалы жанұялар мешіттен көмек алды.

Көпбалалы жанұялар мешіттен көмек алды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Һибатулла Тарази» мешітінде көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық науқаны өтті.

 Іс-шара аясында балалы-шағалы 15 анаға көмек ретінде 12 000 теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар бума-бума, қап-қап азық-түліктер таратылды.

Аталған қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев табыстады.

«Балалы үй базар...» дейді дана халқымыз. Елдің санын көбейтіп, халқына қызмет етер азаматтарды тәрбиелеп отырған жұртшылық мынадай қайырымдылық үшін шын разы.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: