Қарасай және Қаракемер тұрғындары дін мамандарымен кездесті

Қарасай және Қаракемер тұрғындары дін мамандарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс барысында наиб имам Дәуренбек Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Бірімқұлов және Дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша инспекторы Ә.Қуаныш Қарасай және Қаракемер ауыл тұрғындарымен  дін тақырыбанда әңгіме өрбітті.

Кездесудің мақсаты - ауыл тұрғындарының діни сауатын ашу, халық арасында ислам дінін насихаттау, секталардан сақтау болатын.

Кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы еліміздегі орын алған діни ахуал жайлы әңгіме қозғай отырып, жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауды тілге тиек етті. Атадан мұра болып қалған асыл дініміздің ерекше құндылықтарын насихаттады.

Кездесу барысында мамандар  қойған сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген күпті жайттардың бетін ашып берді. 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: