Қордай ауданының мұсылман жамағаты мәуліт мерекесін тойлаудан қалыс қалмай, тіпті ауылдық жерлерде мереке өз жалғасын тауып жатыр. Қасық ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы С.Аманбаевтың және Жамбыл ауылдық «Әл-Хафиз» мешітінің имамы Н.Кеулимжаевтің ұйытқы болуымен ауылдық мәдениет үйінде «Қош келдің, Мәуліт» атты мерекелік іс-шара жүргізілді.
Іс шараға, аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы, Қасық ауылының әкімі А.Б.Әбдібаев, Жамбыл ауылының әкімі Д.Темір және ауыл тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шара шымылдығы Алланың кітабы Құран аяттарын оқумен ашылды. Д.Жандосұлы жиналған жамағатты мерекемен құттықтап, «пайғамбарға деген махаббат» тақырыбында әсерлі уағыз айтты, ал ауыл әкімі Айтжан Башанұлы мәуліт мерекесінің имандылыққа, ізігілікке тәрбилеу үшін өте маңызды екенін жеткізді.
Мереке барысында сақына төрінде көптеген әлеуметтік маңызы бар қойылымдар қойылып, домбырамен дене шымырлататын күйлерде де орындалды
Сонымен қатар «Құдайберген» мешітінде дастархан жайылды. Дәл осындай мәуліт мерекелік шаралары Сарыбұлақ және Үлкен Сұлутөр ауылдарында өтті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі