Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде ауыл молдаларына арналған жиналыс өтті. Жиын күн тәртібіндегі негізгі тақырып «Қоғамдағы молдалардың орны» жайлы өрбіді.
Бас имам Сұлтаншәріп Жақыпбекұлы сөз бастап, дін жолында қызмет етудің артықшылықтары мен жемістеріне тоқтала келіп, жиналған молдаларға киім тазалығы турасын түсіндіріп өтті.
«Халық арасына рухани тұлға ретінде барып отырғаннан кейін, тазалық жағына жіті мән беріп, таза жүрулеріңіз өте маңызды. Халық ең алдымен киімдеріңізге қарайды. Сондықтан тазалық жағына мән беріңіздер. Ал, Алла тағала, түр сипатына немесе киімге емес, жүрекке қарайды» – деп, әр мешіт имамына тапсырмалар жүктеді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ