Жамбыл ауданында Мәуліт мейрамы аталып өтті.

Жамбыл ауданында Мәуліт мейрамы аталып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастырумен және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ұйытқы болуымен Пайғамбарымыздың (с.а.у) туған күніне арналған «Мәуліт» мерекесі аталып өтті.

Аталмыш іс-шара аудандық мәдениет үйінде жүргізіліп, мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы, ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және ауыл тұрғындарымен ақсақалдары, ақ жаулықты аналарымыз қатысты.

Мереке басында Үміткен Қапанқызы іс-шараға жиналған қауымды меркесімен құттықтап, ауданның бас имамы мәуліттің мән-мағынасына тоқталды. Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындалған діни көріністермен діни өлеңдер айтылды.

Ә. Әмірбеков,

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің найб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: