Меркі ауданында Мәуліт мерекесі тойланды

Меркі ауданында Мәуліт мерекесі тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі ауданымыздың бірнеше елді мекенінде үлкен деңгейде аталып өтуі қуантарлық жай.

Айтар болсақ, Кеңес, Сұрат ауылдарында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) мәулітін атап өту – халық арасында қалыптасқан дәстүрге айналып отыр. Мәуліт айы жақындаған сайын ауыл халқы асыға күтетінін байқаймыз. Жамағат мешітке келіп ауыл молдасымен кеңесіп Мәуліт мерекесін өткізу барысын талқылайды.

Аудан көлемінде өткен мерекелік іс-шараға облыстық «Һибатулла-Тарази» мешітінің найб имамы Жақып Ғалымбек арнайы іс-сапармен келді. Имам мәуліт мерекесінің ашылу салтанатына қатысып, жиналған халықты мерекелерімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.а.с) өнегелі өмір жолына тоқталып, Меркі жұртшылығына өз ризашылығын білдірді.

Өнерге деген құштарлығы бар жасөспірім балалар сахна төріне шығып, өнерлерін халыққа көрсетіп, сазды дауыстарымен діни әндер, өлең шумақтары мен оқиға көріністерін көрсетті.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмір жолынан бейне фильмдер көрсетілді. Имам-молдалардың қатысуымен Пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күніне тарту ретінде Пайғамбарлық өмір жолынан Мәуліт оқылды.

Салтанатты мерекенің соңында жиналған халыққа ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев ризашылығын білдіріп бата берді.

Сонымен қатар «Меркі ата» мешітінің асханасында жиналған халық мерекелік дастархан басында бас қосып, 300 адамға даярланған астан дәм татып, Құран оқылып, қариялар батасын беріп тарқасты.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: