Мәуліт мерекесі жалғасын табуда

Мәуліт мерекесі жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған күні Мәуліт мерекесі – мұсылмандар үшін ұлық мереке. «Байзақ баба» мешіті қызметкерлерінің ұйытқы болуымен “Шыңғыс” мейрамханасының басшысы Бейбіт Абдуалиев және кәсіпкер Ильяс Ерсеитовтің демеушілігімен «Сағындым сені, Я Расулалла!» атты тақырыпта өткен шарада пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өмірі мен қызметі, өнегелі ісі кеңінен айтылды.

Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жиналған қауым алдында Хазірет қари Құран оқыды. Үлгілі ауылының молдасы Медет ата батасын берген соң  жиналғандар “Сағыныш хаты” атты бейнероликті  тамашалады. Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. Тлепов көпшілікті  Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінің найб имамы  Бақтияр Амреев Аллаға мадақ айта келе, Мәуліттің маңызы, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы уағыз айтып, жамағаттың жүрегін тебірентті. «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев пен Хазірет қари пайғамбарымызға (с.ғ.с) араб және қазақ тілдерінде салауат айтты.

 Шарапаты мол Мәуліт мерекесінде тұрмысы төмен 30 отбасыға азық-түлік өнімдері үлестірілді. Жақсылыққа жақын жүретін “Шыңғыс” мейрамханасының басшысы Бейбіт Абдуалиев 300 адамға дастархан жайып, жиналғандардың алғысына бөленді.

 Уақыт өткен сайын адамзаттың мақтан тұтар тұлғасы пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік күн сайын жаңарып, жаңғыра түскендігі тікелей экран арқылы көрсетілді.

Мәуліт мерекесінің соңында “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Рәмиз қажы Азизов дініміздің мәртебесін биіктету жолында қызмет етіп жүрген бір топ молдаларды  және демеушілерді Алғыс хатпен марапаттады.

Г. Әбдіқұлова,

“Ауыл жаңалығы”.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: