Жуалы ауданы, Алатау ауылындағы мешітке ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен шәкірттерге арналған кітап үстелі мен кітап сөрелері сатып алынып, табысталды.
Бұл игі бастама мешіттегі діни білім алушы шәкірттерге қолайлы жағдай жасауға және олардың білім алуына қолдау көрсетуге бағытталған.
Мешіт өкілдері демеушілік көрсеткен ауыл кәсіпкерлеріне алғыс білдіріп, еңбектеріне береке, кәсіптеріне табыс тіледі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



26 Қараша 2026
15 Джумада-сани 1448

