Жуалы: «Исламдағы көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі»

Жуалы: «Исламдағы көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазы оқылып, жамағатқа «Исламдағы көрші ақысы және қоғамдық қарым-қатынас әдебі» тақырыбында жұма уағызы айтылды.

Уағыз барысында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы көрші ақысының ислам дініндегі маңызына тоқталып, оның адамгершілік, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің, сондай-ақ имандылықтың маңызды көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар көршінің қуанышына ортақтасу, қиын сәтте қолдау көрсету, мұқтаждығына қарай жәрдемдесу, көңіліне қаяу түсірмеу және өзара татулықты сақтау мұсылмандық әдептің негізгі қағидалары екені түсіндірілді.

Уағыз соңында жамағатты көрші ақысын құрметтеуге, қоғамда ізгілік пен сыйластықты дәріптеуге шақырды.

 

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: