Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Жастар ісі секторының жетекшісі Дәулет Жанарбекұлы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттерімен семинар өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас буынның рухани дүниетанымын кеңейту, діни сауатын арттыру және жастар арасында рухани-танымдық бағыттағы жұмыстарды жандандыру.
Семинар барысында жастар тәрбиесі, діни білімнің маңызы және өскелең ұрпақтың қоғамдағы жауапкершілігі жөнінде ой бөлісуге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ шәкірттерге рухани құндылықтарды бойға сіңіріп, алған білімді өмірде дұрыс қолданудың маңызы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер болашақ дін қызметкерлерінің білімін тереңдетіп, жастармен жүргізілетін рухани-ағартушылық жұмыстардың жүйелі дамуына ықпал етеді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

