Жуалы ауданы, Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешітінің асханасына ауыл жастарының қолдауымен ас дайындауға арналған кірпіштен пеш тұрғызылып, пайдалануға дайын күйге келтірілді.
Игі іске атсалысқан ауыл жастарына мешіт имамы Қуаныш Орынбасарұлы алғысын білдіріп, азаматтардың еңбегіне береке тілеп, ақ батасын берді.
Жастардың мұндай жанашырлығы – мешіттің көркеюіне және ел игілігі жолындағы бірліктің нығаюына қосылған үлес.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


26 Қараша 2026
15 Джумада-сани 1448

