Жуалы: АЛАТАУ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АСХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жуалы: АЛАТАУ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АСХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты Алатау ауылында мешіт асханасының құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Игі істің жүзеге асуына ауыл кәсіпкерлері мен ел ағалары және тұрғындар атсалысып, бірлесе еңбек етті. Ауыл азаматтарының ауызбіршілігі мен қайырымдылығының арқасында бой көтерген асхананың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында ауыл қариялары игі іске үлес қосқан азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ орталық мешіттің молдасы Тимор Садуақасұлы жиналған жамағатқа тағылымды насихат айтып, қайырымдылық пен бірліктің маңыздылығына тоқталды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: