#Шу: «Жәми» мешітінде «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Халал Даму» бөлімінің технологы Аймекен Ибрагимнің қатысуымен «Халал – шариғат талабы» тақырыбында танымдық семинар өтті.

Семинарды мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаев ашып, қонақтың қызметі мен семинардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға таныстырды.

Кездесу барысында халал өнімдерді тұтынудың маңызы, тағам құрамына қойылатын талаптар, халал мен харамның аражігін ажырату және шариғат талаптарын күнделікті өмірде ұстану мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: