Қордай ауданы бойынша ауыл тұрғындарына діни-танымдық бағытта насихат жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ тұрғындарға «Садақада ысырапқа бармайық» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында садақаның шариғаттағы орны мен сауабы, қайырымдылық жасаудағы ықылас пен ниеттің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, садақа беруде шамадан тыс шығынға жол бермей, қарапайымдылық пен қанағатшылдықты ұстану қажеттігі айтылды. Наиб имам садақаның қадірі оның көлемімен емес, шынайы ниетпен жасалуында екенін атап өтіп, жамағатты ысырапшылдықтан аулақ болуға шақырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

