Қордай: Жаңа туған сәбиге есім беріліп, сыйлық табысталды

Қордай: Жаңа туған сәбиге есім беріліп, сыйлық табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы жаңа дүниеге келген сәбиге азан шақырып, есім қойды. Игі дәстүр аясында сәбидің құлағына азан шақырылып, мағыналы әрі көркем есім берілді. Сонымен қатар бас имам нәрестенің ата-анасын қуанышымен құттықтап, сәбиге арнайы сыйлық табыстады.

Бұл – ұрпақ тәрбиесіне мән беріп, халқымыздың ізгі дәстүрлері мен діни құндылықтарын ұлықтаудың жарқын көрінісі. Бас имам сәбидің ғұмыры ұзақ, дені сау, иманды да ізгі ұрпақ болып өсуіне тілектестік білдіріп, ата-анасына перзент қызығын көруді тіледі. Іс-шара ақ батамен және дұғамен қорытындыланды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: