Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы жамағатқа арналған пәтуа сағатын өткізді. Тағылымды кездесудің мақсаты – діни мәселелер бойынша жамағаттың сауатын арттыру, шариғи үкімдерді дұрыс түсіндіру және күнделікті өмірде кездесетін діни сұрақтарға нақты жауап беру. Пәтуа сағаты барысында бас имам пәтуаның мән-мағынасы мен маңыздылығына тоқталып, діни мәселелерге жауап беруде Құран мен сүннетке, сондай-ақ шариғат қағидаларына сүйенудің маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар кез келген діни мәселеде білікті мамандарға жүгініп, әлеуметтік желілердегі дәлелсіз ақпараттарға ермеу қажеттігін ескертті. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, бірқатар діни мәселелерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

