Қордай: «Хамид бен Бадый» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Қордай: «Хамид бен Бадый» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Хамид бен Бадый» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуына орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Игі шараға ауыл тұрғындары мен жамағат өкілдері қатысып, мешіттің жаңарған келбетімен танысты.

Басқосу барысында мешіттің көркеюіне үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірілді. Сонымен қатар, мешіт молдасы Паншаров Губарға атқарған еңбегі мен діни қызметі үшін ерекше құрмет көрсетіліп, қазақ дәстүріне сай иығына шапан жабылды. Шара соңында жамағатқа ақ тілектер айтылып, мешіттің ел игілігіне қызмет етіп, құлшылық пен ізгіліктің ордасына айналуына дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: