Қордай: Құдайы тамақтың мән-мағынасы неде?

Қордай: Құдайы тамақтың мән-мағынасы неде?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша ауыл тұрғындарына «Құдайы тамақтың мән-мағынасы неде?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағыттағы кездесулердің бірін аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ өткізіп, тұрғындарға құдайы тамақ берудің діни әрі тәрбиелік маңызын түсіндірді. Кездесу барысында құдайы астың басты мақсаты марқұмдарға Құран бағыштап, дұға жасау, сауапты амал атқару екені айтылды.

Сонымен қатар, ас беру кезінде шариғат талаптарын сақтау, қарапайымдылық таныту, орынсыз шығын мен ысырапшылдыққа жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – ауыл тұрғындары арасында ас беру мәдениетін қалыптастырып, дәстүрдің ізгі мәнін насихаттау.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: