Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағат арасында «Құдайы тамақ – жарыс емес, сауап» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында құдайы тамақ берудің мәні мен маңызына тоқталып, оның бәсекелестік пен даңғазалыққа айналмауы керектігі айтылды.
Сондай-ақ ас беру кезінде шариғат талаптарын басшылыққа алу, қарапайымдылықты сақтау және ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Жамағатқа құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмның рухына Құран бағыштап, дұға жасау, сауапты амалдар атқару екені насихатталды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

