Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжатының мазмұны түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстарын аудан бас имамы Абдразахов Азамат жүргізіп, құжаттың негізгі бағыттары мен маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында ас беру рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, ысырапшылдыққа жол бермеу, орынсыз бәсекелестік пен даңғазалықтан аулақ болу мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар, ас берудің басты мақсаты марқұмның рухына дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені түсіндірілді. Жамағатты қарапайымдылық пен үнемшілдікке негізделген ас беру мәдениетін қалыптастыруға шақырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

