Қордай ауданы аумағындағы кафе және асхана қызметкерлеріне ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шараны аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ жүзеге асырды. Кездесу барысында дін қызметкері құжаттың негізгі талаптарына тоқталып, ас беру рәсімдерін шариғат шеңберінде ұйымдастырудың маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, ас мәзірін тиімді жоспарлау, артық шығынға жол бермеу, ысырапшылдықтың алдын алу және халық арасында қарапайымдылық қағидатын қалыптастыру мәселелері қозғалды. Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – ас беру мәдениетін жетілдіріп, қоғамда ізгілік пен үнемшілдік құндылықтарын насихаттау.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

