Қордай: «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды

Қордай: «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде наиб имам Әнебеков Жанұзақ жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.

Кездесу барысында құжаттың негізгі мазмұны түсіндіріліп, ас беру рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, ұлттық дәстүрді сақтау және дастарқан басында ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, ас берудің басты мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені түсіндірілді. Жамағатты ас беру мәдениетін қалыптастырып, игі дәстүрді өнегелі түрде жалғастыруға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: