Қордай ауданында аудан бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен аудан имамдарына арналған бір айлық білім жетілдіру курсы басталды.
Курстың негізгі мақсаты – дін қызметкерлерінің діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру және діни қызмет барысында қажетті білім мен тәжірибені терең меңгерту. Бір айлық оқу бағдарламасы аясында имамдарға Құран Кәрім, фиқһ ілімі, ҚМДБ-ның ресми құжаттары мен бағыт-бағдарлары, сондай-ақ сира пәндері бойынша дәрістер өткізілуде.
Сабақ барысында қатысушыларға теориялық білім берумен қатар, діни мәселелерді дұрыс түсіндіру, шариғи үкімдерді жетік меңгеру және халыққа діни қызмет көрсетудің жауапкершілігі жөнінде мағлұматтар ұсынылады. Аталған курс аудан имамдарының білім деңгейін көтеріп, діни қызмет сапасын арттыруға және жамағатқа сапалы насихат жүргізуге бағытталған.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

