Кеңесхан қажы мешітінде Аятүл-Күрсиді мәнерлеп оқудан жарыс өтті

Кеңесхан қажы мешітінде Аятүл-Күрсиді мәнерлеп оқудан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеңесхан қажы мешітінде шәкірттер арасында Құран аяттарын дұрыс әрі мәнерлеп оқуға баулу мақсатында Аятүл-Күрсиді жатқа әрі көркем оқудан жарыс ұйымдастырылды.

Жүздеген шәкірттің арасынан іріктеліп, үздік өнерімен көзге түскен 30-ға жуық шәкірт ақтық кезеңде өзара бақ сынады. Күнделікті намаздан кейін оқылатын қасиетті Аятүл-Күрсиді қатесіз, тәжуид талаптарына сай әрі әуезді орындауға қатысушылар ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті.

Білім мен ынтаны ұштастырған сайыста шәкірттер өздерінің Құран оқудағы шеберліктерін танытып, үздіктер анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Алпысбайқызы Балнұр, Жумакулова Айгүл және Халмухаммедова Үмида үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен үздік қатысушылар ақшалай сыйлықтар және арнайы сертификаттармен марапатталды.

Мұндай рухани-танымдық шаралардың мақсаты – шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәжуид ілімін меңгеруге ынталандыру және Құранды көркем оқуға баулу.

Құранмен көркемделген әрбір жүрек – ізгілікке бастар жол. Алла Тағала шәкірттеріміздің Құранға деген ынтасын арттырып, алған білімдерін өмірлеріне азық етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: